KazGASA - сәулет, дизайн, құрылыс, құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру, инженерлік жүйелер, ағаш өңдеу технологиясы, геодезия және картография, экономика және менеджмент саласында жоғары білікті мамандар даярлауды қамтамасыз ететін, Қазақстанның сәулет-құрылыс білім саласының көшбасшы оқу орны. Академия өз студенттеріне, барлық деңгейдегі бағдарламалар бойынша білім алуға, қоғамда өз орнын табатын және қазіргі жылдам өзгеріп жатқан жағдайға бейімделе алатын, ой-өрісі кең, жоғары зияткерлік тұлғалар болуға мүмкіндік береді.
«Академиялық сурет» олимпиадасы - сараптамалық талдауды дамыту, талапкерлердің академиялық сурет саласындағы білімдерін кеңейту және неғұрлым дарынды тұлғаларды табу мақсатында ұйымдастырылған. Шығармашылық олимпиадаға қатысып, кәсіби дағдыларыңды KazGASA-мен бірге дамыт!
100% скидка на первый год обучения
50% скидка на первый год обучения
25% скидка на первый год обучения
Дарынды және қабілетті балалармен танысу мүмкіндігі
Өзіңнің кәсіби дағдыларыңды дамыт
Сәтті мансап жолына қажетті қабілеттеріңді жетілдір
Ең алдымен, 15-маусымға дейін тіркеуден өту қажетсіз. Есіңізде болсын, олимпиадаға тіркелу және олимпиада тапсырмасын орындау қатар жүретінін ұмытпаңыз.Тіркеуден өткен соң, Сіздерге капителиді салу және геометриялық пішіндер композициясын салу бойынша онлайн сабақтарға кіру мүмкіндігі беріледі.
Тіркеуден өткен соң, Сіз олимпиада тапсырмаларын орындай берсеңіз болады. 1. KazGASA-ға тапсырушылар – ежелгі грек ордерінің үстіңгі бөлігін (капитель) салу қажет. 2. Сәулет және құрылыс колледжіне тапсырушылар – геометриялық пішіндер композициясын салу қажет. Тапсырманы орындап біткен соң, өзіңіз салған суретті инстаграм әлеуметтік желісінде #KazGASA_olympiad хэштегі арқылы жариялауыңыз қажет. Сонымен қатар, салған суретіңіздің фотосын немесе сканерден өткізіген суретін kazgasaacademic@gmail.com электронды поштасына жіберіп, өз аты-жөніңізді және телефон нөмеріңізді жазуды ұмытпаңыз.
KazGASA-ға тапсырушылар
ежелгі грек ордерінің үстіңгі бөлігін (капитель) салу қажет
Сәулет және құрылыс колледжіне тапсырушылар
геометриялық пішіндер композициясын салу қажет